«ҚТЖ» ҰК» АҚ жас қызметтерінен құралған делегация «Jas qanattar» форумында теміржолы кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген жастардың атынан өздерін көрсете білді.
Олардың арасында «Жас кәсіби маман» сайысының жеңімпазы, Ақтөбе темір жолы бөлімшесінің аға инженері Руслан Жұмағалиев, «Көпфункциональды қызмет көрсету орталығы» ҰК» АҚ филиалының салықты есепке алу департаментінің бас менеджері Әлібек Мұратбекұлы, Алматы темір жолы бөлімшесінің бөлім басшысы Әнеля Мұрашева, Маңғышлақ станциясы ӨТБ вагон жөндеушісі-бақылаушы Қуатбек Көпбаев бар.
Форумға сонымен қатар «Менеджмент жоба» сайысының жеңімпаздары – Шу машиналандырылған жол дистанциясының ӨТБ жетекші инженер-технологы Нұрлан Қалыңғараев, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің жетекші инженері Дәулетбек Жолдасбаев және өзгелері де қатысты.
Құрылтайға қатысушылар өз алған әсерлерімен бөлісті. Р.Жұмағалиев талқылауға түскен тақырыптардың маңызын ерекше атап кетті. Оның айтуынша, жас теміржолшылар талқы тезіне түскен бизнес мүмкіндіктері мен жаңа технологияларды қолдану, жастар кәсіпкерлігі перспективаларына қатысты тақырыптарға ерекше қызығушылықтарын таңытты.
Өзге қатысушылар «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асырып жатқан жастар саясатының сәтті жүргізіліп жатқанына назар аудартты. Компанияда көлік саласын дамытуға үлес қосқысы келетін жас қызметкерлердің кәсіби және жеке тұлға ретінде өсуіне жан жақты қолдау көрсетіліп келеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолдың әр түрлі учаскесінде жұмыс істеп келе жатқан жас қызметкерлердің жалпы саны 52 мыңнан асады.
Аталған форумдарға қатысу жастардың өз әлеуеттері мен мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға, ертеңге деген сенімінің оянуына және жаңа жетістіктерге жетуіне серпін береді.